Аймақ

Халықтың ақшасы: Ақмола облысында мемлекеттік мекеме 9,2 млн теңгені заңсыз жұмсаған

16:30, 30 қаңтар 2025 6

Ақмола облысында мемлекеттік сатып алу саласында заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Бұланды ауданы прокуратурасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау мәселесі бойынша «Макинск Жылу» ШЖҚ МКК қызметіне тексеру жүргізді. Тексеру барысында кәсіпорынның 2023-2024 жылдар бойы жүйелі түрде мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізбей (веб-порталдан тыс, қағаз жеткізгіште), шарттарды заңсыз жасағаны анықталды.

Атап айтқанда, қазандықтарды тексеруге, мұнай өнімдері мен кеңсе жиһаздарын сатып алуға, сондай-ақ арнайы техниканы жалға алуға жалпы сомасы 9,2 млн теңгеге 7 шарт анықталды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Айта кетсек, шарттарды осындай тәсілмен жасасу камералдық бақылауды айналып өтуге, сондай-ақ әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктерді бермеуге мүмкіндік береді.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша кәсіпорын басшылығы ӘҚБтК-нің 207-бабы 11-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1,2 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды, – делінген хабарламада.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз