Қоғам

«Халық пен бизнесті қыса бергенше, банкті де сығу керек»: Депутат салықтың жаңа түрін ұсынды

13:02, 09 сәуір 2025 457

Қазақстанда жаңа Салық кодексі аясында дивидендтерге салық салу мәселесі қарастырылуы мүмкін. Бұл ұсынысты Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи көтерді. Ол банктердің акционерлері алатын дивидендтерге салық енгізу қажеттігін алға тартты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Депутаттың айтуынша, Қазақстандық банктер Орталық Азиядағы ең ірі қаржы ұйымдарына жатады, олардың жиынтық активтері 55 трлн теңгеге жеткен. Бұл екі жылдық республикалық бюджеттің көлемінен де асып түседі. Банктер өз акционерлеріне жыл сайын миллиардтаған дивиденд төлейді, алайда бұл табыстарға салық салу тетігі жетілдіруді қажет етеді.

Үкімет неге 100 млн теңгеге дейін дивиденд алатын акционерге 10%, ал 1 млрд теңгеден асатын сомадағы дивидендке 15% салық салмайды? Біз бюджетті толықтыру үшін мұндай қадамға баруымыз керек», – деді Ермұрат Бапи.

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бұл ұсынысқа қарсы емес екенін айтты. Министрдің пікірінше, 100 млн теңгеге дейінгі дивидендке 10% емес, 5% мөлшерінде салық салу орындырақ болар еді. Сонымен қатар, салық салу тек банктердің акционерлеріне ғана емес, барлық дивиденд алушыларға қатысты болатынын атап өтті.

Депутат Ермұрат Бапи жаңа Салық кодексі аясында бұл ұсынысты ресми түрде енгізетінін жеткізді.

Халық пен бизнесті ғана қыса бергенше, банктерді де сығайық та біраз, – деді депутат.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз