Қоғам

Гүлжан Қарақұсованың қызы Қазақстаннан ғарышқа ұшатын алғашқы турист болмақ

11:03, 03 қазан 2025 55

Экс-депутат Гүлжан Қарақұсованың қызы Данна Қарақұсова Қазақстаннан ғарышқа ұшатын алғашқы турист болмақ, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Blue Origin компаниясы кезекті миссиясы аясында ғарышқа ұшатын келесі экипаждың құрамын жариялады. Бұл туралы компанияның сайтында хабарланған. Экипаж құрамына алты адам кірген, оның ішінде қазақстандық Данна Қарақұсова да бар.

Компанияның сайтында жарияланған мәліметтерге сүйенсек, Даннаның медиа, дистрибуция және іс-шараларды ұйымдастыру салаларында 25 жылдан астам тәжірибесі бар және ол Portals – мультимодальды экожүйесінің тең құрылтайшысы болып табылады. Сондай-ақ оның Килиманджаро мен Эльбрусты бағындырғаны, енді ғарышты көруді ұйғарғаны жазылған.

Айта кетейік, Данна Қарақұсова бұрынғы депутат Гүлжан Қарақұсованың қызы.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз