Әлем

Грузиядан қазақстандықтарды депортациялап жатыр: СІМ жағдайға алаңдаушылық білдірді

11:00, 15 мамыр 2025 54

Қазақстан СІМ Грузиядан қазақстандықтардың депортациялануына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, аталған мәселе екі елдің сыртқы істер министрліктері делегациясының кездесуі барысында көтерілген.

Кездесу аясында қазақ тарабы Грузия аумағына келген кезде ҚР азаматтарына кіруге жиілеп кеткен бас тартулар мен олардың кейіннен елден шығарылу жағдайларына алаңдаушылық білдірді. Бұл ретте Қазақстан азаматтарының басым бөлігі Грузияға туристік мақсаттармен келетіні және қабылдаушы елдің заңнамасын берік сақтайтыны аталып өтті.

Өз кезегінде грузин тарабы биылғы мамырдың басынан бастап Грузияға кіруден бас тарту фактілерінің айтарлықтай төмендегені туралы хабарлап, бұл үрдістің алдағы уақытта да жалғасатынына сендірді, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының Грузия аумағына кіруі мен болуына барынша қолайлы жағдай жасауға дайын екенін білдірді.

 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз