Спорт

Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті лауазымына үміткер атанды

12:31, 26 қазан 2025 27

Қазақстанның ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин халықаралық бокс федерациясы - World Boxing ұйымының президенті қызметіне ресми үміткерлер тізіміне енгізілді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Ұйымның жаңа президентін сайлау 23 қараша күні Рим қаласында World Boxing конгресі аясында өтеді. Сондай-ақ конгресс барысында федерация атқарушы комитетінің мүшелері де таңдалады. Қазіргі таңда WB құрамына кіретін 125 елдің өкілдері дауыс беруге қатысады.

World Boxing - 2023 жылдың сәуір айында құрылған халықаралық бокс федерациясы. 2024 жылдың қыркүйегінде Геннадий Головкин WB ұйымының жаңа Олимпиадалық комиссиясының төрағасы болып тағайындалған еді. Оның негізгі міндеті - боксты Олимпиада бағдарламасында сақтау және World Boxing ұйымының Халықаралық Олимпиадалық комитет тарапынан ресми мойындалуына ықпал ету.

2025 жылдың ақпан айында Халықаралық Олимпиадалық комитет World Boxing ұйымын уақытша мойындады. Бұл шешім ұйымға әлемдік деңгейде боксты басқару құқығын берді. Ал наурыз айында ХОК боксты 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына ресми түрде енгізу туралы шешім қабылдады.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз