Скопьеде 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Солтүстік Македония мен Қазақстан арасындағы ойын аяқталды.
Тоше Проески ұлттық аренасында өткен кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.
Ойын бірінші минуттан ұлттық құраманың басым шабуылымен басталды. Алайды екінші таймда македониялықтар көбірек шабуыл жасады.
54-ші минутта Дінмұхаммед Караман қақпа алдындағы тартыс кезінде допты өзінен асырып тебу арқылы гол соқты.
Алайда 74-ші минутта алаң иелерінің капитаны Энис Барди айып добын дәл орындап, есепті теңестірді.
Осы матчтан кейін Талғат Байсуфинов шәкірттері жеті ойыннан кейін J тобында жеті ұпаймен төртінші орында тұр.
Қазақстан іріктеудегі соңғы ойынын 15 қарашада Астанада Бельгияға қарсы өткізеді.