Фристайл-могулдан қазақстандық спортшылар халықаралық турнирде 6 медаль жеңіп алдыҚаз


Аустрияның Хинтертукс тау шаңғысы курортында өткен FIS Open халықаралық турнирінде Қазақстан фристайл-могул командасы маусымның алғашқы кезеңінде алты медаль жеңіп алды, оның төртеуі – алтын, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Павел Колмаков могул және параллельді могулда топ жарды.

Ал Анастасия Городкода могул мен параллельді могулда алтын жүлдеге ие болды.

Аяулым Әмренова могулда екінші болып келді.

Антон Бондарев могул бойынша үшінші болып мәреге жетті.