Филиппиннің Палаван провинциясы жағалауында 9 қыркүйекте өртенген жолаушылар паромынан құтқарушылар жұма күні тағы 30 адамның мәйітін алып шықты, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.
Бұл туралы Синьхуа жазды.
Бұған дейін өрттен 5 адам көз жұмған еді. Осылайша қаза тапқандар саны 35 адамға жетті.
Филиппин жағалау күзетінің (PCG) мәліметінше, тағы 54 адам із-түзсіз жоғалған.
PCG жариялаған видеодан өрттен кейін жолаушылар паромының түгі қалмай өртенгені, оның үстінде күл мен металл қалдықтары қалғанын көруге болады.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, өрттен 43 адам аман қалған.