Қоғам

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасы: адвокат мәлімдеме жасады

09:46, 21 қараша 2025 107

Астанада басына кондиционер құлап көз жұмған фельдшер Улдананың отбасына заңгерлік көмек көрсетіп жүрген адвокат Нұрсұлтан Орынбек тергеу аяқталғаннан кейін қыздың қазасына кінәлі адамдарды жауапқа тартуға ниетті екенін айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Адвокаттың айтуынша, қазір тергеу жүріп жатыр. Сол тексеріс аясында ол істің ҚР ҚК-нің 278-бабы — «Сапасыз құрылыс» бабынан ҚР ҚК-нің 279-бабына — «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтік талаптарды бұзу» бабына қайта қаралуына қол жеткізуді көздеп отыр.

«Тергеу жалғасып жатыр, нәтижесінде кімнің жауапты екенін анықтаймыз — ОСИ ме, құрылыс компаниясы ма, әлде тұрғын үй басқармасы ма. Үй 21 жыл бұрын пайдалануға берілген, кепілдік мерзімі әлдеқашан біткен. Бірақ тексерулер тұрақты түрде өтіп тұруы тиіс еді. Қалған ақпаратты әзірге жариялай алмаймыз», — деді заңгер.

Ол сондай-ақ бұл бап бойынша алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын атап өтті.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз