$ 444.58
 510.29
 5.27

«Ешқандай қысым болған жоқ»: Аян Дүйсековтің қазасына қатысты ведомство мәлімдеме жасады

Редактор
18.09.2026, 14:25
әлеуметтік желіден
әлеуметтік желіден
Департаменттің мәліметінше, Дүйсековке 13 тамызда еңбек тәртібін бұзғаны үшін сөгіс жарияланған

Көкшетауда 27 жасында қайтыс болған қалалық сот әкімшілігінің басшысы Аян Дүйсековтің өліміне қатысты Ақмола облысы бойынша Сот әкімшілігі департаменті түсініктеме берді, деп хабарлады Вairaqmedia.kz Politico.kz сайтына сілтеме жасап.

Марқұмның туыстары оның жұмыс орнында психологиялық қысымға ұшырағанын, әділетсіз тәртіптік жаза алғанын және қызметтік пәтерден шығару мәселесі көтерілгенін мәлімдеген.

Алайда департамент бұл айыптауларды жоққа шығарды.

«Аян Дүйсековке оның қызметіне байланысты ешқандай қысым көрсетілген жоқ. Еңбек қатынастары аясындағы барлық шешімдер белгіленген тәртіппен жүзеге асырылды», – делінген ведомство хабарламасында.

Департаменттің мәліметінше, Дүйсековке 13 тамызда еңбек тәртібін бұзғаны үшін сөгіс жарияланған. Уәкілетті орган жүргізген тексеру барысында тәртіптік жаза қолдану рәсімінен заңбұзушылық анықталмаған. Сондай-ақ оны қызметтік пәтерден шығару мәселесі қаралмаған.

Ведомство тергеуге қажетті материалдарды ұсынып жатқанын мәлімдеді. Марқұмның өлімінің нақты себептері мен мән-жайы тергеу қорытындысы бойынша анықталады.

Аян Дүйсековтің артында әйелі мен екі кішкентай баласы қалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау