Есірткінің заңсыз айналымы: 287 қылмыстық іс тіркелген
Нашақорлыққа қарсы күресті үйлестіру нәтижесінде Қызылорда облысында есірткіні өсірумен айналысқан 3 фитозертхана анықталып, олардың қызметі толығымен жойылып, кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Нашақорлыққа қарсы күресті үйлестіру нәтижесінде Қызылорда облысында есірткіні өсірумен айналысқан 3 фитозертхана анықталып, олардың қызметі толығымен жойылып, кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
ҚР Бас прокурорының тапсырмасына сәйкес еліміздің барлық өңірлерінде«Нашақорлыққа жол жоқ» атты жоба жүзеге асырылып отыр, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Жоба аясында есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты 287 қылмыстық іс тіркеліп, 174 сотқа жолданған.
Есірткі заттарын насихаттайтын 18 жарнамалық сайттар бұғатталып, есірткіні жарнамалайтын жазбалары мен граффитилерді жою шаралары жүргізілді.
Есірткіні жарнамалау дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1-бабымен (есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) 18 қылмыстық іс қозғалғанғ, - делінген прокуратура хабарламасында.
Жоба төңірегінде халыққа танымал оқырмандары ауқымды блогерлер арқылы әлеуметтік желілер мен пабликтерде есірткіге қарсы үндеулер туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 34 билборд, 835 брошюра парақшалары таратылды.
Жаңашыл шараларды бірлесіп орындау мақсатында облыстық прокуратурамен 31.10.2024ж. «Нашақорлыққа жол жоқ» мәселесі кеңейтілген Үйлестіру кеңесінде қаралып, облыс әкімі және облыс прокурорымен бірлескен жоспар бекітіліп, уәкілетті және қылмыстық қудалау органдарына бірнеше тапсырмалар берілді.