Есіл-Арқалық өткелінде трактор пойызбен соқтығысып қалды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
ҚТЖ баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін таңғы сағат 08:55-те Есіл-Арқалық учаскесінің реттелетін теміржол өткелінде болған. Оқиға салдарынан тракторшы ауыр жарақаттан көз жұмды.
Тұрақты жұмыс істеп тұрған өткелдегі белгі беруге қарамастан, трактор жүргізушісі қозғалып келе жатқан пойыз алдына шығып кетіп, жол ережесін өрескел бұзды. Машинист шұғыл тежеуді қолданды, бірақ соқтығысудын алдын алу мүмкін болмады. Оқиға салдарынан трактор жүргізушісі өміріне қауіп төнген жарақат алды, – делінген хабарламада.
ҚТЖ автокөлік жүргізушілерін теміржол өткелдерін кесіп өту кезінде жол қозғалысы ережелерін сақтауға, өткелдегі дабыл сигналдарын қатаң сақтауға және ережелерді елемеу қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін есте сақтауға шақырады.