Ешкім тірі қалған жоқ: АҚШ-тағы ұшақ апатынан 67 адам қаза тапты

Редактор
31.01.2025, 15:44
Ешкім тірі қалған жоқ: АҚШ-тағы ұшақ апатынан 67 адам қаза тапты
АҚШ астанасы Вашингтондағы ұшақ апатынан борттардағы 67 адамның барлығы түгелдей қаза тапты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

АҚШ астанасы Вашингтондағы ұшақ апатынан борттардағы 67 адамның барлығы түгелдей қаза тапты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде өткен брифингте апаттан ешкімнің аман қалмағанын ресми хабарлап, бір минут үнсіздік жариялады.

29 қаңтар күні кешке American Airlines Bombardier CRJ700 ұшағы Рейган әуежайына жақындап келе жатқанда Sikorsky UH-60 Black Hawk әскери тікұшағымен соқтығысты.

Ұшақта 60 жолаушы, 4 экипаж мүшесі, ал тікұшақта 3 әскери қызметкер бюолған. Олардың бәрі қаза тапты. Тікұшақты үш әскери қызметкер басқарған.

Жолаушылардың арасында АҚШ-та өткен конькимен мәнерлеп сырғанау жарысынан қайтып келе жатқан спортшылар мен жаттықтырушылар болған, соның ішінде бұрынғы ресейлік спортшылар Евгения Шишкова мен Вадим Наумов та көз жұмды. Олар АҚШ-та жас конькишілерді жаттықтырып жүрген.

Трамп  қаза тапқан ресейлік спортшылардың денесін еліне жеткізуге көмек көрсететінін айтты.