$ 463.41
 546.27
 6.18

Ерлан Қарин: заңнаманы үйлестіру елімізді өркендетудің жаңа кезеңі басталғанын айғақтайды

Редактор
08.05.2026, 13:14
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Парламент үш конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда қарады.

Биыл наурыз айында қабылданған жаңа Конституцияның негізгі ережелері мен нормаларын жүзеге асыруға қатысты жұмыс кезең-кезеңімен атқарылып жатыр. Бұл жайлы Мемлекеттің кеңесші Ерлан Қарин мәлімдеді.

Бүгін Парламент Палаталарының бірлескен отырысында депутаттар бірінші оқылымда үш заң жобасын қарады:

1. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңның жаңа редакциясы. Бұл заң жобасында 8 тарау мен 43 бап бар. 

2. «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның жаңа редакциясы. Бұл заң жобасында 12 тарау мен 60 бап бар.

3. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы». 

Ұсынылып отырған өзгерістердің мақсаты – қолданыстағы заңнаманы жаңа Конституцияға бейімдеу, мемлекеттік-саяси үлгіні институционалдық тұрғыдан жаңарту және саяси жаңғыру үдерісін жалғастыру үшін жүйелі құқықтық негіз қалыптастыру, - деп жазды Қарин.

Оның айтуынша, заңнаманы үйлестіру үдерісі және алдағы уақытта өтетін Құрылтай сайлауы конституциялық қағидаттар мен Әділетті Қазақстанның құндылықтары негізінде елімізді өркендетудің жаңа кезеңінің басталғанын айғақтайды.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау