Теміржолмен сапарлайтын жолаушылар үшін жаңа ережелер енгізілді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
22 сәуірден бастап Қазақстанда теміржол тасымалына қатысты бірқатар жаңа ереже күшіне енеді. Бұл өзгерістер Көлік министрлігінің теміржол тасымалдау қағидаларына енгізілген.
🔹 Пойыз кешіксе – билет толық қайтарылады
Енді егер пойыз белгіленген уақыттан 1 сағаттан артық кешіксе немесе билеттегі орын бос болмаса, жолаушы жол ақысын толық көлемде және комиссиясыз қайтарып ала алады.
🔹 Билет сату уақыты қысқартылды
Пойыз жолға шыққанға дейін билет бар болғаны 10 минут қалғанда ғана сатылады. Бұрын бұл мерзім 1 тәулікке дейін болатын.
🔹 7 жасқа дейінгі балаларға билет міндетті емес
Ата-аналарға жағымды жаңалық – 7 жасқа толмаған балалар үшін енді жеке билет алу қажет емес. Егер балаға жеке орын қажет болса, билет жеңілдікпен беріледі.
🔹 Балалармен жол жүру тәртібі
7–15 жас аралығындағы балаларға жол ақысына 50% жеңілдік қарастырылған. Ал 15 жасқа толмаған балалар пойызға тек заңды өкілімен немесе сенімхат арқылы отырғызылады. Егер бала ата-анасымен немесе заңды өкілімен бірге болса, сенімхат талап етілмейді.
Жаңа ережелер жолаушылардың қауіпсіздігін, сапарын жоспарлауды жеңілдетіп, тасымалдау сапасын арттыруға бағытталған.