Желіде марқұм актер Асанәлі Әшімовтің әйелі Бағдат Әшімованың жоқтау айтып, зар илеген видеосы тарады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Кадрлардан марқұмның жұбайының дауыс шығарып жылап тұрғанын байқауға болады.
Видеода мынадай сөздер анық естіледі:
"Азаматым-ау... Асқар тауым құлады. Жатқан жерің жайлы болсын. Енді мұңымды кімге барып айтамын", – дейді ол.
Көпшілік бұл видеоға қатысты түрлі пікір білдіріп, өз ойларын жарыса жазып жатыр.