Қоғам

«Ең сорақысы...»: Баян Алагөзова Рүстем Жүгінісовтің елден кетуін талап етті

15:21, 31 шілде 2025 1538

Танымал продюсер әрі актриса Баян Алагөзова Instagram-дағы парақшасында «мешітке әйелдер күйеуімен немесе бауырларымен баруы керек» деп айтқан әнші Рүстем Жүгінісовке елден кетуге кеңес берді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Актрисаның айтуынша, Рүстем Жүгінісов әйелдердің құқықтары мен еркіндіктерін қоғамдық кеңістікте тікелей шектеп отыр.

«Никях деп қыздан бір реттік жыныстық қатынас сұрап тұр. Ең сорақысы – әнші Рүстем Жүгінісов қыздарға күйеусіз немесе бауырларымен бірге бармай, жалғыз жүрмеңдер деп кеңес беріп отыр. Мен уәкілетті органдардан оның әрекетіне қатысты кем дегенде түсіндірме жұмыстарын жүргізуді сұраймын. Өйткені бұл – әйелдердің құқығы мен еркіндігін қоғамдық кеңістікте тікелей шектеу.

Біз шариғат жолындағы емес, тәуелсіз мемлекетте өмір сүреміз. Қыз болсын, әйел болсын өзі кез-келген жерге баруға, жүруге құқылы. Айтқан сөзіңізге жауап бересіз бе? Адамдарды олай адастырмаңыз. Сізге ұнамаса, Ауғанстан, Иран, Араб елдеріне көшіп кетіңіз», – деді продюсер.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз