Қоғам

Еліміздің қай аймағында ең көп жалақы алатыны белгілі болды

10:01, 30 қыркүйек 2025 67

2025 жылдың екінші тоқсанында Қазақстанның қай аймақтарында қызметкерлердің орташа жалақысы ең жоғары болғаны анықталды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
 
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша сәуір-маусым айларында ең жоғары орташа жалақы мына аймақтарда тіркелді:
 
Маңғыстау облысы — айына 575 мың теңге;
 
Ұлытау облысы — 549 мың теңге;
 
Атырау облысы — 544 мың теңге.
 
Ал Жетісу облысында орташа жалақы ең төмен — 340 000 теңге, бірақ 2024 жылдың сәйкес кезеңінде Қазақстандағы ең жоғары нақты жалақы өсімі — 9,4% болып тіркелген.
 
Одан кейінгі 3% көрсеткішпен Павлодар және Қостанай облыстары тұр.
Статистикаға шағын кәсіпорындар да кіреді.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз