Аймақ

Елімізде соңғы үш жылда 12,1 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды

09:13, 28 қаңтар 2025 36

Қазақстанда соңғы 3 жылда 12,1 млн га жер мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы «Жер ресурстарын ұтымды пайдалануды бақылау» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасы Мұрат Теміржанов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жерді қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау аясында атқарылған жұмыстардың қорытындыларын айтты.

Мемлекет басшысы өзінің 2022 жылғы қыркүйектегі Жолдауында 10 млн гектар пайдаланылмаған немесе заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді қайтару міндетін қойды. Мемлекеттік қорға 12,1 млн гектар жер қайтарылды. 9,4 млн гектар алаңда 4 731 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, – деді спикер.

Оның айтуынша, негізгі мәселелерідің біріжердің деградациясы. Бүгінде шамамен 30 миллион гектар эрозиядан және басқа да жағымсыз процестерден жер деградацияға ұшыраған. Осы бағытта жұмыс істеу үшін бірыңғай топырақ кластерлік қызметі құрылды.
205 млн гектар алқапта цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау бойынша жұмыстар аяқталды.

Сонымен қатар, спикер үш жыл ішінде жер ресурстарын ұтымды пайдалануға бағытталған ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтті. Заңнамалық шаралар қабылданып, топырақ және геоботаникалық зерттеулер аяқталды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы алқаптарының цифрлық дерекқоры құрылды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз