$ 462.87
 540.72
 6.16

Елімізде бір емес, екі АЭС салынатын болды

Редактор
28.01.2025, 17:00
Үкімет
Үкімет
Бірінші нысан Алматы облысында салынбақ. АЭС салу туралы келісімге жақын арада қол қойылады 

АЭС салу туралы келісімге жақын арада қол қойылады. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Жақын арада Алматы облысында бірінші Атом электр станциясын салу бойынша тиісті келісімдерге қол қоямыз. Сондай-ақ екінші  Атом электр станциясы құрылысының ықтимал орындарын анықтау үшін өңірлерді талдау жұмыстары аяқталуға жақын,  - деді Олжас Бектенов.

Еске сала кетсек, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.