Әлем

Елімізде атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылуы мүмкін бе

14:30, 24 шілде 2025 103

Елімізде атаулы әлеуметтік көмектің алдағы уақытта қалай және кімдерге төленетіні белгілі болды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. 

Айтуынша, әр отбасыны қиын жағдайдан шығару – ортақ мақсат.

Атаулы әлеуметтік көмек жалғасады. Жағдайы төмен отбасылар оның ішінде, жұмыс істемейтін әкесі немесе анасы болса Атаулы әлеуметтік көмек алады. Мемлекет тарапынан ондай қолдау болады. Біздің мақсатымыз – әр отбасыға талдау жасап, оның ішінде жұмысқа жарамды адам болса жұмысқа орналастырып, сол отбасыны қиын жағдайдан шығару, - деп жауап берді министрдің орынбасары. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз