Еліміздің үш өңірінен экстремизмге қатысы бар деген күдікпен бес адам ұсталды. Оның кейбірі бұған дейін істі болған екен.


Еліміздің үш өңірінен экстремизмге қатысы бар деген күдікпен бес адам ұсталды. Оның кейбірі бұған дейін істі болған екен, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ұсталғандардың елімізде тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның әрекетіне қатысы бар болуы мүмкін. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері олардың тұрғылықты жерін тінткен кезде діни әдебиеттерді тәркіледі. Бес күдікті Алматы қаласы мен облысы мен Ұлытау өңірінде ұсталған.

Айта кетейік, олардың төртеуі бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Қазір тергеу жалғасуда. Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мамандар тағы тоғыз азаматқа мұндай ұйымдардың қызметіне қатысуға жол бермеу туралы ресми ескерту жасады. Тағы 17 азаматқа елден шығуға тыйым салып отыр. Өйткені олардың да радикалдармен байланысы бар көрінеді.