Түркістан қаласында орналасқан Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде жаттықтырушыларға арналған ақпараттық кездесу өтті. Іс-шарада діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ, деструктивті ағымдарға қарсы күрес тақырыптары талқыланды, - деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Жиынға Түркістан қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің бас маманы мен дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы қатысты.
Кездесу барысында теолог маман интернет кеңістігінде, әсіресе жастар жиі қолданатын әлеуметтік желілер мен видеоплатформаларда жат ағымдардың идеялары еркін таралып жатқанын атап өтті.
Маман желідегі діни мазмұндағы ақпаратты қолданғанда аса сақ болуды ескертті. Тек ресми дереккөздерге, рұқсат етілген әдебиеттерге жүгіну қажеттігі айтылды.
Қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, маман тарапынан нақты әрі түсінікті жауаптар алды.