Аймақ

Экстремизм және терроризммен күрес: Түркістандағы балалар лагерінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді

13:56, 10 шілде 2025 83

Түркістанда діни экстремизм және терроризммен күрес бойынша жұмыс қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Бұл жолы мамандар “Балауса” лагеріндегі ұл-қыздармен кездесті.

Шараға Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Әуезханов Айдос және теолог маман Нуритдинов Бахауаддиннің қатысты. Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатындағы кездесу "Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу" тақырыбы бойынша өтті.

Кездесудің басты мақсаты балаларды жаз мезгілінде жат ағым өкілдерінен, әсіресе аәлеуметтік желілердегі кереғар ақпараттардан сақтау.

Дінтанушы маман интернетте, соның ішінде жастар көп пайдаланатын түрлі әлеуметтік желілер мен Youtube видеоресурсында деструктивті діни ағымдардың уағыз насихаттары кең таралғанын ескертті. Әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарындағы ақпараттарды пайдалану, тарату барысында өте абай болу қажеттігі туралы баяндалды.

Қатысушыларға діни мазмұндағы ақпаратты іздеу барысында тек қана ресми сайттар мен арнайы рұқсат етілген кітаптарды оқуға ғана болатыны туралы айтылды.

Кездесу соңында лагерьдегі балалар көкейтесті  сұрақтарын қойып, дінтанушы мамандар оғантолыққанды жауап берді.

Түркістанда дәл осындай кездесулер әрі қарай да жалғаспақ.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз