$ 482.49
 556.75
 5.79

Екібастұз елдегі моноқалалар тізбесінен шығарылды

Редактор
19.03.2026, 11:22
Фото: дереккөз
Фото: дереккөз
Екібастұз еліміздің энергетика және металлургия саласында шешуші рөл атқаратын маңызды өнеркәсіп орталығы болып отыр.

Ұлттық экономика министрлігі еліміздегі моноқалалар тізбесін жаңартты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

"Екібастұз экономиканы табысты әртараптандыруды көрсетіп отыр. Сол себепті ұлттық экономика министрінің 2026 жылдың 10 наурызындағы бұйрығына сәйкес Екібастұз қаласы моноқалалар тізбесінен шығарылды", - деп жазылған министрлік жариялаған хабарламада.

Министрлік хабарлауынша, моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуына 78 негізгі көрсеткіш бойынша кешенді талдау жүргізді.

Талдау нәтижесі бойынша, Екібастұз экономиканы әртараптандырудың тұрақты үрдісін, дамудың монопрофильді моделінен біртіндеп шығуды көрсетті. Қала экономикасы теңдестірілген салалық құрылыммен, өнеркәсіптің тұрақты өсуімен және жоғары инвестициялық белсенділікпен сипатталады.

Бүгінгі таңда Екібастұз еліміздің энергетика және металлургия саласында шешуші рөл атқаратын маңызды өнеркәсіп орталығы болып отыр. 2025 жылғы қорытынды бойынша қаладағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 629,4 млрд теңге. Бұл 2024 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда, 28,1%-ға артық. Негізгі капиталға салынған инвестиция 429,8 млрд теңгеге жетіп, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,2 есе өскен.

Жаңартылған бұйрықпен 19 моноқаланың тізбесі бекітілді:

Абай;

Ақсай;

Ақсу;

Алтай;

Балқаш;

Жаңаөзен;

Жітіқара;

Лисаковск;

Қаражал;

Кентау;

Құлсары,;

Курчатов;

Риддер;

Рудный;

Сәтбаев;

Степногорск;

Теміртау;

Шахтинск;

Хромтау.

Екібастұзды тізбеден шығару қала экономикасының табысты трансформациясының көрсеткіші, дейді министрлікте.