$ 464.53
 543.73
 6.15

Екі адам қаза тапты: Олжас Бектенов Өскемендегі жарылысты жеке бақылауына алды

Редактор
05.05.2026, 11:33
Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ
Оқиға таңертең Өскемен металлургиялық алаңында болған.

Премьер-министр Олжас Бектенов Өскемендегі кәсіпорындардың бірінде болған жарылысты жеке бақылауына алды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Өскемендегі металлургиялық кәсіпорын аумағында болған жарылыс салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бесеуі түрлі жарақат алды. Бұл туралы «Казцинк» компаниясы ресми мәлімдеді. 

Біріншіден, Өскеменде болған жарылысқа қатысты таңертең қажетті тапсырмаларды бердім. Төтенше жағдайлар, Экология министрліктері, облыс әкімдігі қажетті шаралар қабылдап, маған баяндаңыздар. Мәселе менің жеке бақылауымда болады, — деді Үкімет отырысын ашқан Премьер-министр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өскемен қаласында орналасқан кәсіпорын аумағында апат болды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, шаң сүзу цехындағы құрылғыда газ бен ауа қоспасы жарылып, соның салдарынан өрт шығып, ғимараттың бір бөлігі опырылған.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау