Ақтөбе қаласында дзюдодан ересектер арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионаты алғашқы жарыс күнінің қорытындылары белгілі болды.


Ақтөбе қаласында дзюдодан ересектер арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионаты алғашқы жарыс күнінің қорытындылары белгілі болды. Қызу өткен дода барысында күтпеген нәтижелер де болмай қалған жоқ, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта әскерилер арасында әлем чемпионы Нұрқанат Серікбаев Талғат Орынбасардан ұтылып, жүлдесіз қалды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Ал финалда қостанайлық Нұрәділ Әлжан тағы бір фаворит, 2023 жылы Астанада өткен Grand Slam турнирінің жеңімпазы Мағжан Шамшадинді қылғындыру әдісімен жеңіп кетті.

Сондай-ақ, 66 келіге дейін салмақта биыл Загребте өткен Гран-при додасында үздік шыққан Жанарыс Рахметқали жарыс жолынан ерте шығып қалды.

Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, өз салмақ дәрежелері бойынша мына спортшылар жүлдегерлер қатарынан көрінді.