Қоғам

«Досының тойына барған»: Тамара Асардың ұлы неден көз жұмғаны айтылды

13:25, 07 қазан 2025 64

Танымал продюсер Жан Мұқанов өзінің Instagram-дағы парақшасында әнші Тамара Асардың күйеуінің алғашқы некесінен туған ұлы Әлішердің неден қайтыс болғанын айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

«8 қараша күні Қостанайда Жұмаштың ұлы Әлішердің қырық күндік асы өтеді. Көпшілік білгені жөн – қаны бір болуы маңызды емес, ең бастысы – жүректің байланысы. Әлішер Тамараның өз баласы болмаса да, ол үшін туғанындай болып кеткен. Ол да Қамбар секілді олардың ұлы, ал Жұмаш пен кішкентай Ажардың ағасы еді», – деді продюсер.

Ол көпшілік Әлішердің өліміне қатысты нақты не болғанын сұрап жатқанын атап өтті.

«Оны Ақтөбеде көлік қағып кетті. Ол жаққа досының үйлену тойына барған болатын», – деп түсіндірді ол.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз