Саясат

Дональд Трамп Қазақстанды керемет әрі бай ел ретінде сипаттады

09:31, 20 ақпан 2026 26

АҚШ Президенті Кеңеске қатысушы елдердің басшыларын таныстыру барысында Қазақстанды керемет әрі бай ел ретінде сипаттады, деп хабарлайды Ақорда. 

Дональд Трамп өз сөзінде Газадағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге және қалпына келтіруге атсалысқаны үшін Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысушыларға шынайы ризашылығын білдірді.

Дональд Трамп Саммитке келген мемлекеттер басшыларын шешімтал әрекеттері арқылы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға, халықаралық диалогты дамытуға елеулі үлес қосқан нағыз жаһандық ауқымдағы көшбасшылар деп атады, — делінген хабарламада. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз