$ 482.49
 556.75
 5.79

Дональд Трамп Тоқаевқа хат жолдады

Редактор
19.03.2026, 12:21
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Майамиде өтетін G20 саммитінде күтетінін жеткізді. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ президенті Дональд Трамптан хат келіп түсті. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Айбека Смадияров хабарлады, деп жазады bairaqmedia.kz.

Айбека Смадияровтың айтуынша, Америка көшбасшысы ақпан айында Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы жиыны аясындағы Қазақстан президентімен кездесуді ықыласпен еске алған.

"Құрама Штаттардың президенті мемлекет басшысын Бейбітшілік кеңесінің келесі отырысында және жыл соңына қарай Майамиде өтетін G20 саммитінде күтетінін жеткізді", - деді Айбека Смадияров.