Қаңтар оқиғасы кезінде жасаған қылмысы үшін сотталған Арман Жұмагелдиев түрмеде өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев колонияда өзіне қол жұмсауға әрекеттенген.
Сотталған өзіне жеңіл дене жарақатын салған. Оған дер кезінде медициналық көмек көрсетілді. Қазір оның жағдайы тұрақты. Ол ерекше бақылауға алынып, психологтардың алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.
ҚАЖК өкілдері оқиғаға қатысты қызметтік тексеріс басталғанын жеткізді.