Қоғам

Деректер жойылып, тергеу бұрмаланады: Прокурордың үндеуінен соң Жамбыл облысына тексеріс жіберілді

11:48, 25 сәуір 2025 25

Прокурор Әлия Қожабекованың бейнеүндеуінен кейін Жамбыл облысына тексеріс жүргізу үшін арнайы жұмыс тобы жіберілген деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Жамбыл облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Департаменті қызметкерінің бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде таралған бейнежолдауларға қатысты Бас прокуратура келесіні хабарлайды: Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша айтылған уәждерді тексеру үшін Жамбыл облысына Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік департаменті мен тиісті құрылымдық бөлімшесінің қызметкерлері, сондай-ақ, Комитет Төрағасының орынбасары кіретін жұмыс тобы жіберілді, - делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Бас прокуратураның Жамбыл облысы бойынша құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру департаментінің қазіргі қызметкері Әлия Қожабекованың бейнеүндеуі тараған болатын. Ол видеода Президентке үндеу жолдап, басшылық тарапынан заңсыз әрекеттерге жол беріліп жатқанын жайып салды.

Қожабекованың айтуынша, департамент басшылығы бірыңғай тергеу тізілімінен кейбір мәліметтерді қасақана жойып, ішкі істер органдарының қылмыстарды ашу статистикасына әсер етіп жатқан көрінеді. 

Оның айтуынша, деректер базасынан ешқандай негізсіз, құжатсыз қалта ұрлықтары туралы істер жойылған, сондай-ақ қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар, мас күйде жасалған құқықбұзушылықтар да есептен алыныпты.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз