Депутат пен заңгер пікірі: TikTok-тағы «рулар жарысы»
TikTok-тағы «рулар жарысына» заңгер мен депутат пікір білдірді
TikTok қолданушыларының арасында тікелей эфирге шығып, «рулар жарысын» ұйымдастырып жүргендер баршылық. Олардың дені жастар, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
«Рулар жарысы» TikTok тікелей эфирде өтеді. Әр рудың атауы жазылған тізімді ғана негізгі экранына шығарып қойып «бәйге» ұйымдастыратындар өздерінің жүзін көрсетпейді. Ойын шарты қарапайым. 10 дауыс 100 теңге. Неғұрлым көп ақша салған рудың өкілдері көп дауыс жинап, жеңіске жетеді. Адай мен дулатты дуылдатып, жалайыр мен шапыраштыны шуылдатып қоятындар эфир соңында қоңыраттан екі мың, қыпшақтан жеті мыңдап ауадан ақша табуда.
«Ру —руға жарыстарып қоюдың ар жағында қылмыстық әрекет жоқ жай ойын болып көрінгенмен бұл халықтың арасына іріткі салу, шоқ тастау. Трайбализмдік дау тудырып, ары қарай өршіп кетуі мүмкін. Сосын аяғы ру арасындағы дауға, көреалмаушылық, бақталастыққа ұласып түбі жауапкершілікке тартатын қылмысқа ұласуы да мүмкін» — деді заңгер Қожаберген Дәуренбеков.