Қоғам

Депутат Жомарт Ертаевтың түрмеге қайта оралатынын мәлімдеді

11:19, 02 қазан 2025 317

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Жомарт Ертаевты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы қаулының күші жойылып, оның темір тордың арғы жағына қайта оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Facebook парақшасында Жомарт Ертаевты босату туралы қаулының күші жойылғанын мәлімдеді.

"Ертаевқа қатысты сот қаулысы бүгін бұзылды. Өтінішімді қолдап, әділ шешімге ықпал еткен Бас прокуратура, Алматы облысының прокуроры мен сотына, сондай-ақ мәселені алғаш көтерген журналистер қауымына алғыс айтамын", - деп жазды депутат.

Мәжілістің тағы бір депутаты Ермұрат Бапи "Жомарт Ертаев түрмеге қайта отырады", деп жазған Facebook-те.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз