«Құпия подкастқа» қонақ болған танымал блогер Елдостың анасы Жанат ханым көпшілікке беймәлім өмірлік сырымен бөлісті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Әңгіме барысында ол балалардың әкесі қайтыс болған сәтте қатты қорқып, абдырап қалғанын ашық айтты.
«Өйткені мен тек үйде отырып, бала бағумен айналысатынмын. Күйеуім ет сататын. Шымкенттен ет таситын. Бір күні оны атып кетті. Не болғанын түсінбей қалдым. Сол күні үйден шығар алдында біраз сөйлесіп, бірге тұрдық», – дейді ол.
Анасының айтуынша, күйеуін ақша үшін алдап Шымкентке шақырған.
«Сол жақта өлтіріп, өртеп жіберген екен. Күйеуімнің денесін бөлек, басын бөлек жерледік. Басын тексеруге кесіп алып қалған екен. Денеден кейін бірнеше күннен соң әкеліп берді. Өзім апарып, денесінің қасына жерледім», – деп есіне алды ол.