"15 қыркүйекте "102" арнасына куәгерлерден түскен хабарлама бойынша оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жіберілді. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталды", деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше жас жігіт пен қыз бір-бірін бұрыннан танитын болып шықты.
"Бойжеткен арыз жазудан және шағым түсіруден бас тартты. Сонымен қатар ер адамға құқық бұзушылық үшін жауапкершілік қарастылғаны түсіндіріліп, профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деп түйіндеді полиция.