Аймақ

Дауыл, найзағай: Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

09:34, 18 тамыз 2025 23

18 тамыз күні Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ оңтүстік және батыс өңірлерінде ауа райы тұрақсыз болады. Күндіз найзағай ойнап, желдің күшеюі, шаңды дауыл, ал кей жерлерде бұршақ күтіледі.

Астана қаласында күн күркіреп, желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа жетеді.

Алматының таулы аймақтарында өткінші жауын жауып, найзағай ойнайды.

Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты жел соғып, кей жерлерде бұршақ түсуі ықтимал.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында шаңды дауыл көтеріледі.

Жетісу және Алматы облыстарында қатты жауын-шашын болжанып отыр.

"Қазгидромет" мамандарының айтуынша, бірқатар өңірлерде өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталуда. Әсіресе, құрғақшылықтан зардап шегіп отырған оңтүстік аймақтарда тұрғындарға ашық алаңда от жақпауға және өрт қауіпсіздігін сақтауға кеңес беріледі.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға ауа райы ескертулерін назардан тыс қалдырмай, сақтық шараларын ұстануға шақырады. Қауіпті жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз