Қоғам

Daricorn рұқсатсыз түсірген видеосынан соң буллингке ұшыраған баладан кешірім сұрады

19:52, 27 сәуір 2025 24

Блогер Daricorn рұхсатсыз түсірген видеосынан кейін буллингке ұшыраған бала мен оның анасымен кездесіп, кешірім сұраған деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Блогер кездесуге күйеуімен бірге барған. Ол да өз кезегінде болған оқиға үшін кешірім сұраған.

Көбі Рамзанмен арада болған жағдайдан хабардар. Бүгін біз кездесіп, бәрін талқыладық. Тағы да бәрінің алдында кешірім сұрағым келеді. Бұл мен үшін және барлық қазақстандықтар үшін кішкентай баланы ата-анасының рұқсатынсыз түсіруге болмайтынын ұқтырған үлкен сабақ болды. Біз бар жауапкершілікті мойнымызға аламыз, - деді блогер instagram-дағы сторисінде.

Бұған дейін алматылық келіншек блогердің кесірінен баласы буллинге ұшырағанын мәлім етіп, блогерден кешірім сұрауын, сондай-ақ, моральдық өтемақы төлеуін талап еткен болатын.

Келіншектің айтуынша, былтыр тамызда блогер көшеде кетіп бара жатқан балалардан ең дәмді тамағы қандай екенін сұраған. Кейін “пицца” деп жауап берген баланың жауабы айтылған тұсқа субтитрға басқа бейәдеп сөз жазып, оны өзінің дәмханалар желісінің жарнамасы үшін қолданған. Осы жағдайдан кейін бала өз ортасында буллингке ұшыраған. Блогер бастапқыда баланың анасынан кешірім сұрағанын, бірақ өтемақы бермейтінін мәлім еткен еді.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз