Қоғам

Бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапановқа сот үкімі шықты

11:02, 19 мамыр 2025 106

Бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов пен SUCCESS K агенттігінің бас директоры Ләззат Көккөзоваға қатысты іс бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Сот үкіміне сәйкес, Ералн Қожағапанов 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оған мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне өмір бойына тыйым салынып, мемлекеттік нарградалардан айыру туралы шешім шығарылды. Қамауда болған уақыты жалпы жаза мерзімінде ескеріледі. 

Сондай-ақ, Ләззат Көккөзова 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Оның да қамауда отырған уақыты жаза мерзімін есептеу кезінде ескеріледі. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз