Қоғам

«Бұл — эмоциямен ойнау»: Журналист коуч Бақытбайдың кешірім сұрауын жарнамаға теңеді

11:56, 14 қаңтар 2026 67

Журналист Гүлбану Әниятқызы ерекше баланың анасын кемсіткен коуч Бақытбай Сабырбековке қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Оның айтуынша, коучтың сынға ұшырағаннан кейін аталған әйелді шақырып, екі адамға Умра сапарына жолдама беруі көпшілік тарапынан қолдау тапқан. Алайда журналист бұл әрекетпен келіспейтінін мәлімдеді.

Гүлбану Әниятқызының пікірінше, алдымен адамды көпшілік алдында қорлап, кейін эмоцияға әсер ету арқылы кешірім сұрап, сыйлық ұсыну — жауапкершіліктен жалтарудың бір көрінісі.

Сондай-ақ ол аутизм туралы түсінігі жоқ, ерекше баланың жағдайын жете білмейтін адамның коуч ретінде тәлім беруін сынға алды.

Журналист бұл жағдайды қоғамдық пікірге әсер ету және жеке беделін сақтау мақсатында пайдаланылған әрекет деп бағалап, аталған оқиғаның жарнама құралына айналып кеткенін атап өтті.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз