Қоғам

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?

10:37, 01 ақпан 2025 9

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады. Ал күндіз еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде түседі, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Астанада таңертең және күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), бұрқасын болып, көктайғақ күтіледі. Таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с.

Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде қар жауып, бұрқасын болады. Батыста, облыс орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысып, күндіз облыс орталығында 15-20 м/с екпінмен соғады.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен оңтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде түнде қар жауып, бұрқасын күтіледі. Күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), бұрқасын және көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде батыста, солтүстікте, оңтүстікте, ал күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, шығысы мен облыс орталығында қар жауып, бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында қар жауып, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі. Облыстың таулы аймақтарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Жетісу облысында қар жауып, бұрқасын күтіледі. Солтүстікте, шығыста, облыстың таулы аймақтарында өткінші тұман түсіп, көктайғақ болады. Облыстың шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады және тұман түседі.

Түнде Қарағанды облысының батысында және солтүстігінде аздаған қар жауып, бұрқасын болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында өткінші тұман түседі.

Қостанай облысында қар жауып, бұрқасын күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші облыстың шығысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман күтіледі.

Павлодар облысында күндіз қар жауады, облыстың батысында бұрқасын болады. Облыстың батысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Аймақтың батысында, оңтүстігінде және шығысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20, кейде 23 м/с дейін жетеді.

Түркістан облысының таулы аймақтарында түнде қар жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау етегіндегі аудандарында тұман түседі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, батысында, облыс орталығында аздаған қар жауады, күндіз бұрқасын болады. Солтүстікте, шығыста және облыс орталығында өткінші тұман түседі.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз