Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында шетел валюталарының жаңартылған бағамы жарияланды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Kurs.kz дерегіне сәйкес, Астанада доллар 460,05–466,95 теңге аралығында саудалануда. Еуроның сатып алу бағасы 538,07 теңге болса, сату құны 547,93 теңгеге жетті. Ресей рублі 5,95–6,25 теңге аралығында айырбасталса, қытай юані 66,79–72,77 теңге шамасында ұсынылып отыр.
Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар 463,31 теңгеден қабылданып, 465,46 теңгеден сатылуда. Еуро бағамы 543,10–548,54 теңге аралығында қалыптасты. Рубль 6,00–6,13 теңге көлемінде саудаланса, юань 67,50–70,13 теңге аралығында бағаланып жатыр.