«Бөлек жату туралы да ой болған емес»: Қайрат Әділгерейдің әйелі отбасылық өмірі жайлы айтты

Редактор
13.03.2026, 14:12
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Осы уақыт аралығында екеуінің арасында ажырасу туралы ой болмаған.

Актер Қайрат Әділгерейдің жары Бақыт Тұрман отбасылық өмірі туралы айтып, күйеуімен арадағы қарым-қатынасы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Оның сөзінше, олар отбасын құрғандарына биыл 20 жыл толған. Осы уақыт аралығында екеуінің арасында ажырасу туралы ой болмаған.

«Қайратпен отау құрғанымызға биыл 20 жыл болды. Осы уақыттың ішінде ажырасу туралы ой былай тұрсын, бөлек жату туралы да ой болмады. 20 жыл бойы бір жастық, бір көрпемен өмір сүріп келеміз. Кейде келіспеушіліктер болуы мүмкін, бірақ біздің үйде ондай жағдайда міндетті түрде ер адам кешірім сұрайды», – деді ол.