Қоғам

Болат Назарбаевтың әйелі подиумға шығып, сән көрсетті

11:38, 08 сәуір 2025 555

Алматыда сән серкелерінің басын қосқан "Kazakhstan Fashion Week" апталығы басталды. Кеште подуимға шығып, отандық дизайнерлердің киім үлгісін таныстырғандар қатарында марқұм Болат Назарбаевтың әйелі де болды деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Жұлдыз Тұрсынбекқызы Arunaz atelier сән үйінің көйлегін киіп шықты. Ол подуимға ең соңғы болып шыққан. Болат Назарбаевтың әйелі сән апталығындағы видеоларын өзінің әлеуметттік желідегі парақшасында да бөліскен. 

"Сән көрсетілімін Қайраттың Жұлдызы ашып, Болаттың Жұлдызы жапты" деп жазды Instagram желісінің қолданушысы. Айта кетейік, сән көрсетіліміне Қайрат Нұртастың әйелі де кезекті рет қатысты. Дизайнер Назым Қарпықова осы жолы топтамасын таныстыруға тұрақты клиенттерін шығарғанын айтады. Оның сөзінше, сән көртесуге танымал тұтынушыларының өздері сұранған.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз