Бокстан Англияның Ливерпуль қаласында өтетін әлем чемпионатын қай телеарна көрсететіні белгілі болды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен 4-14 қыркүйек аралығында Ливерпульде өтетін бокстан әлем біріншілігін Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Бұл туралы ақпарат Qazaqstan телеарнасының Instagram-дағы парақшасында жарияланды.
Аталған додада Қазақстан құрамасынан 20 былғары қолғап шебері бақ сынайды.
Олардың қатарында Санжар Тәшкенбай, ағайынды Махмұд және Төрехан Сабырхан, ағайынды Нұрбек және Айбек Оралбай, Бекзад Нұрдәулетов, Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова сияқты танымал боксшылар бар.