Дегенмен халық саны 190 мыңдай адамға көбейген


2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша халық саны 20 223 218 адамды құраған. Оның ішінде қала тұрғындары – 12 704 977, ауыл тұрғындары – 7 518 241 адам. Биылғы 9 айдағы халық саны 189 376 адамға өскен, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, жыл басынан бергі 9 айында Қазақстанда 278,7 мың бала дүниеге келген, қайтыс болғандар саны – 99,5 мың адам. Осылайша, халықтың табиғи өсімі 179,2 мың адамды құрап отыр.

Туудың ең жоғары деңгейі Түркістан облысында (1000 тұрғынға 25,04 адам), Маңғыстау облысында (24,84) және Шымкент қаласында (23,68) байқалды, деп жазды Ұлттық бюро.

Сонымен қатар, алғашқы жарты жылдың ішінде 95 ​​мың неке қиылып, 29,3 мың ажырасу тіркелген.

2024 жылғы қантар-қыркүйекте елге келгендер саны 20 383 адамды, елден кеткендер саны 10 201 адамды құрады. Көші-қон айырымы – 10 182 адам.

Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүреді. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 79,7%, ал бұл елдерге кеткендердің үлесі 76,9% құрады.

Ел ішіндегі көші-қон 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 47,4% өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде: Астана (52853 адам), Алматы (26157 адам), Шымкент (5948 адам) қалаларында және Алматы обласында (765 адам) халық көші-қонының оң айырымы қалыптасты, деп жазылған ресми мәліметте.