Жыл басынан бері 5 496 этникалық қазақ елге оралып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес, 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 153 мың этникалық қазақ оралған. Шет елден келгендердің Қытай, Өзбекстан, Түрікменстан, Моңғолия және Ресейден келген.
Қандастар негізінен Ақмола, Абай, Атырау, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныстанып жатыр.
Мемлекет тарапынан қандастарға көшуге 275 200 теңге, пәтер жалдау мен коммуналдық төлемдерге 118 мың теңге көлемінде, ал үй алуға 4,56 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз көмек көрсетіледі.
Қоныстанғандардың 60%-ы – еңбекке қабілетті жаста. Олардың 16,7%-ы – жоғары білімді.