Бюджет қаражатын үлкен сомада ұрлаған өңірлер тізімі жарияланды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі білім беру саласында бюджет қаражатын ең үлкен сомада ұрлаған өңірлер тізімін жария етті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров білім беру саласында бюджет қаражатын ең үлкен сомада ұрлаған өңірлер тізімін жария етті, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
2023 жылдың басынан бастап білім беру саласында барлығы 297 қылмыстық іс жүргізілген.
Бұл ретте білім беру саласы қызметкерлерінің Жетісу облысында — 6,2 млрд теңге, Түркістан облысында — 4,5 млрд теңге, Қызылорда облысында — 1,4 млрд теңге, Алматы облысында — 1,3 млрд теңге, Жамбыл облысында — 592,2 млн теңге, Алматы қаласында — 552,5 млн теңге), Ақтөбе облысында 513,7 млн теңге бюджет құжатын ұрлағаны анықталған.
«Қылмыс жасағаны үшін 406 адам әшкереленіп, оның ішінде 196 адам түрлі жазалау шараларына сотталды. Мәселен, Шығыс Қазақстан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ж.Жабаев атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернат гимназиясының екі бухгалтеріне қатысты қылмыстық іс тергеп жатыр. Олар алдын ала сөз байласу арқылы қылмыстық топ құрамында 5 жыл бойы өзінің карточкалық шоттарына асыра жалақыны және басқа да төлемдерді аудару жолымен 120 млн теңге бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді. Тергеу жалғасуда», — деді Данияр Бегайдаров.