Бұрынғы Ұлттық экономика министрі, азаматтық некедегі әйелін өлтірді деп айыппен сотталған Қуандық Бишімбаевтың туыс інісі Бақытжан Байжанов рақымшылыққа өтінім берді, деп жазады bairaqmedia.kz.
Бұл ақпаратты Жоғарғы соттың баспасөз қызметі растады.
Степногор аудандық сотының мәліметінше, 2025 жылғы 9 шілдеде Бақытжан Байжанов рақымшылық туралы заңға сәйкес жазаның мерзімін қысқарту жөнінде өтінішпен жүгінген. Аталған өтінішті қарау күні әлі белгіленген жоқ, — делінген хабарламада.
Айта кетсек, істі болған Қуандық Бишімбаевтың туыс інісі Бақытжан Байжанов бостандыққа ерте шығуы мәселесі бұған дейін де қозғалған еді.
Еске салайық, экс-шенеунік Қуандық Бишімбаев азаматтық некеде болған әйелін өлтіргені үшін 24 жылға сотталды. Ал, туыс інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.