$ 441.89
€ 502.56
₽ 5.19

Бір минут үнсіздік: Тоқаев форумда қаза тапқан сарбаздарды еске алды

Редактор
25.09.2026, 12:24
Ақорда
Ақорда
Тоқаев қатысқан форум қаза тапқан әскерилерді бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды

Бүгін, 25 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда өтіп жатқан «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумына қатысып жатыр, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Ақорданың хабарлауынша, жиын басталар алдында форум қонақтары Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Қатысушылар марқұмдардың рухына тағзым етті.

Қазақстанда 25 қыркүйек Маңғыстаудағы қайғылы оқиғада қаза тапқан әскери қызметшілерге байланысты жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланған.

Айта кетейік, Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық ынтымақтастық соңғы кезеңде белсенді дамып келеді. Бұған дейін Президент қытайлық бизнес өкілдерімен кездесулерінде жаңа технологиялар, өндіріс және инвестициялық жобаларды кеңейтуге басымдық берілетінін айтқан. mirror.akorda.kz

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау